Gарламенттік реформаны жетілдіру бойынша азаматтардан онлайн-ұсыныстар жинау басталды.

15 қазан 2025 жылы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қазақстанда парламенттік реформаны жетілдіру бойынша азаматтардан онлайн-ұсыныстар жинау басталғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Өзінің Telegram-арнасында Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыс тобының алғашқы отырысында азаматтардың парламенттік реформаны талқылауға қатысуының маңыздылығын атап өткенін еске салды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады. «, – деп жазды Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру – Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарына толық сәйкес келеді.

Еске салайық, 14 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді.