Маңғыстаулық блогер Салтанат Аманқосқызы желідегі парақшасында жеке өміріндегі сырымен бөлісті.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Бір түсінгенім: Жаратқаным мені қатты жақсы кереді екен. Дер кезінде адамдардың қандай екенін керсетсе де, жүрегім “мүмкін өзгерді, тәубесіне келді» деп ақтап ала беретін. Оны бар кемшілігімен қабылдап, айналасындағы бүкіл адамды жылы қабақпен қаосы алып, жақсы көзбен қарап жүрген мен ақымақ екенмін. Сөйтсем, мені сөзбен алдап, өзі түнімен қонақ үйлердің табалдырығына жәлептерін сүйреп жүр екен ғой.
Видео-фотоларын көрмейінше сенбеп едім…. Кергеннен кейін “менің көзімдегі көзілдірігім шешілді “Еркекке сонда тек сол керек екен ғой. Бала көтерсең де, ауырып қиналсаң да, оған тек сол 2 әріп болса болғаны екен. Ниетіне қарай көрер. Менің көңілім, оған берген асым адал болған. Сезім мен сенімді таптап кетті. Мен 1 рет жапқан есікті екінші рет ашпаймын. Осымен енді ол адам туралы сұрамаңыздар. Өмірімнен сызып тастадым”, — деп жазды блогер.
Сондай-ақ, ол 5 күннен бері уақыты тек жылаумен өтіп жатқанын жазды.
”Бүгінгімен 5-ші күн ұйқы жоқ. Ұйықтай алмаймын. Не дұрыс тамақ та жеп жүрген жоқпын. Жасымның бәрә жиналып қалғандай, тек тоқтамай көзден жас аға береді. Жасаған бар жақсылығыма берген жауабы осы ма?! Ал, Жүкті кезде ауыр тиеді екен. 5-10 минуттық ләззат үшін аманатқа қиянат жасай салу — оп оңай болғаны ма? Айтарым қалмады. Дос-туыс, жақындар! Жекеге жазып, түбіріне дейін сұрап, өсек іздегендей жазбаңыздаршы. Ешкімге жеке жазып отырғым келмейді. Осы стористарыммен HYKTE болсын. Мен эфирде тауар сатып тұрғанымда, ол басқа ж*лептерінің қойнында болған екен”, — деп ағынан жарылды блогер.