Еуропалық ғарыш агенттігі Жердің магнит өрісі әлсіреген ерекше аймақ – Оңтүстік Атлант аномалиясының айтарлықтай ұлғайғанын мәлімдеді , деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, 2014 жылдан бері бұл аномалия көлемі жағынан Еуропаның жартысына жуық аумақты қамтитындай кеңейген.
Ғалымдардың айтуынша, аномалия біркелкі емес, Африкаға қарай ығысып бара жатыр. Бұл тек ғылыми қызығушылық туғызатын құбылыс емес, нақты қауіп-қатер де төндіреді. Атап айтқанда, осы аймақтың үстімен ұшатын жерсеріктер (спутниктер) жоғары деңгейде радиацияға ұшырайды. Бұл – құрылғылардың істен шығуына, электр жүйелерінің бұзылуына және маңызды бөлшектердің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Геомагнетизм профессоры Крис Финли бұл аймақта магнит өрісін әлсірететін ерекше процестер жүріп жатқанын растады.
Соңғы 11 жыл ішінде зерттеушілер Жердің магнит өрісінде басқа да өзгерістерді байқаған. Мысалы: Канаданың солтүстігінде өрістің әлсіреуі. Сондай-ақ, магнит өрісінің батыс пен шығысқа қарай ығысуы.
Бұл өзгерістер қарапайым адамдарға байқалмаса да, бүкіл әлемдегі электрондық және техникалық жүйелерге айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Әсіресе биікте ұшатын ұшақтар үшін бұл үлкен қауіп тудырады.
Бұған дейін геологтардың әлемдегі ең ірі алтын кен орнын тапқанын жазғанбыз.