Әр камера арнайы алгоритммен жұмыс істейді.
Алматыда түнгі өмірге бақылау күшейді. Тәртіп сақшылары қаладағы көңіл көтеру орындарына жаңа бейнебақылау камераларын орнатты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ақылды жүйе жай бақылап қана қоймай, күмәнді әрекеттерді өздігінен анықтай алады. Мысалы, төбелес, айғай немесе агрессивті мінез байқалса, жасанды интеллект бірден полицияға хабар береді.
Мамандардың айтуынша, мұндай технология құқықбұзушылықтың алдын алуға және түнгі уақытта қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Қазір жүйе пилоттық жоба ретінде қаланың оннан астам ірі түнгі клубына орнатылған. Әр камера арнайы алгоритммен жұмыс істейді: ол адамның қозғалысын, бет-әлпетін және дауыс тонын талдап, күдікті жағдайды анықтайды.
Бұрын мұндай оқиғаларға патруль кеш жететін болса, енді хабарлама бір секундтың ішінде орталық базаға түседі.