Мәжіліс депутатының бос мандаты Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мутәліге берілді. Бұл туралы Amanat партияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Amanat партиясы саяси кеңесі бюросының қаулысымен парламент мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандаты Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді. Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды", — делінген хабарламада.
Партия сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әбутәліп Мүтәлі – "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз