Шымкентік азамат досымен бәстесем деп 26 қаламды бүтіндей жұтып қойған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алайда бұл әрекет көп ұзамай оның өміріне қауіп төндіріпті. Өзін жайсыз сезініп, асқазан-ішек жолдары қатты ауырған 38 жастағы тұрғын дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған 2 сағат бойы ота жасап, азқазанындағы бөгде заттарды алған.
Бүгінде "батылдығын" көрсетпек болған ер адам үйіне шығарылды.
"Оған эндоскопиялық ота жасалып, тіліксіз бөгде заттар алынып тасталды. Қазіргі жағдайда науқас хирургия бөліміне жатқызылды, жағдайы бірқалыпты", – деді эндоскопист дәрігер Мұхамедәли Төлегенов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз