Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылаған.

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан төрт күн бұрын Қазақстан және Ресей президенттері Душанбеде кездескен еді.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың 12 қараша күні Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен баратыны белгілі болды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз