Қостанайдағы жеке тұрғын үйлердің бірінен қатты түтін шығып жатқаны туралы хабарды өрт сөндірушілерге куәгерлер жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында от шағын аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға отпен ойнаған балалардың әрекеті себеп болған", — делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, ТЖМ өкілдері ата-аналарға балаларға мұндай "ойындардың" қауіпті екенін түсіндіруді сұрап үндеу жасады.