Алматы облысында Қарасай ауданы мен Қонаев қаласына жаңа прокурорлар тағайындалды. Жәнібек Жақаев пен Айдос Чорманов қызмет ауысты, деп хабарлайды өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бас прокурордың өкімімен Қонаев қаласының прокуроры болып Жәнібек Жақаев тағайындалды.
Жәнібек Жақаев еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Медеу ауданындағы прокурор көмекшісі ретінде бастаған. Ол кейін Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасында аға прокурор, 2014 жылы — Талғар аудандық прокуратурасының прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылы Алмалы аудандық прокуратурасында прокурор, аға прокурор және прокурордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2022–2025 жылдар аралығында Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасының прокуроры болып жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі — 21 жыл 10 ай.
Қарасай аудандық прокуратурасын да жаңа басшы — Айдос Чорманов басқармақ.
Ол еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының прокурор көмекшісі ретінде бастаған, кейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген: прокурор, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің басшысы, орындаушы өндіріс бойынша бөлім басшысы. Жалпы 25 жыл ішінде Алматы, Павлодар және Алматы облыстары прокуратурасында әртүрлі қызметтер атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз