Қазақстан қор биржасында (KASE) 14 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 538,63 теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен сауда күнімен салыстырғанда 0,92 теңгеге жоғары .
Ұлттық банк пен айырбастау пункттеріндегі бағам
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми дерегінше, 14 қазанға арналған доллардың ресми бағамы – 537,77 теңге.
Ал Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша:
- Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 540,02 теңгеден сатып алып, 542,28 теңгеден сатады;
- Астанада сатып алу бағамы 538,51 теңге, сату бағамы 544,54 теңге деңгейінде.
Соңғы апталардағы бағам динамикасы
Қазан айының басынан бері доллар бағамы айтарлықтай ауытқуларға ұшырады:
- 6 қазанда – 1,79 теңгеге төмендеді;
- 7 қазанда – 3,63 теңгеге төмендеді;
- 8 қазанда – 1,39 теңгеге төмендеді;
- 9 қазанда – 1,46 теңгеге өсті;
- 10 қазанда – 2,45 теңгеге төмендеді;
- 13 қазанда – 1,16 теңгеге төмендеді.