Таеквондодан Черногорияның Подгорица қаласында өткен G-1 санатындағы турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мақсат Орынбасар жарыстың алтын жүлдегері атанды.

Ал Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл турнирге 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты.