Қазақстандағы электромобильдердің қарқынын білдік. Ал бұл тоқ көліктердің саудасы әлем бойынша қалай жүріп жатыр? Кестеге көз жүгіртейік. Статистикаға сенсек, бұл электркөліктер биылғы жарты жылдықта сатылған барлық темір тұлпарлардың 14.5% үлесін алып отыр. Яғни, жаһандық нарықта электромобильдерге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. 2019 жылы олардың үлесі бар болғаны 1.9% болған. Үш жылда 10,5, былтыр 14.3%-ға жетіпті. Ал гибрид көлік таңдағандар 21, жанармаймен жүретін машина мінгендердің үлесі 56%.