25 жастағы қазақстандық әнші Мирас Жүгінісов Алматының Орталық стадионында 2025 жылдың 11 қазанында үлкен концерт өткізді. Бірқатар хит әндердің орындаушысы уәдесінде тұрып, жанкүйерлерге жарқын атмосфера мен жағымды эмоциялар сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бастапқыда оның музыкалық кеші 7 қыркүйектке жоспарланған болатын. Алайда, бір апта ішінде концерт тоқтатылды. Оған себеп – "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчы. Дегенмен, көп ұзамай әнші жақсы жаңалықпен қайта оралып, концерттің 11 қазанда өтетінін мәлімдеді.
Осылайша, өнер иесі 12 қазаннан бастап желіге музыкалық кештің жарқын сәттерін жүктей бастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Miras Zhugunussov (@zhugunussov.mj)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Miras Zhugunussov (@zhugunussov.mj)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Miras Zhugunussov (@zhugunussov.mj)
"Орталық стадионның атмосферасы!",- деп жазылған жазбалардың бірінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Miras Zhugunussov (@zhugunussov.mj)
Бұл ретте, жанкүйерлер кештің әуезінен әлі шыға алмай жүргендерін жарыса жазды.
- Көп рахмет, керемет концерт болды, әлемдік деңгейді көрсеттіңіз, жақсы демалдым, мың алғыс!!!
- өте күшті өтті, атомосфераны айта алмаймын!
- Күшті концерт, әлі сол атмосфераны сезініп жүрмін!
- ДжэйЛоның концерті тіпті сасып қалған сияқты))) Өте жоғасы дәрежеее, күшті!
- Бұндай концерттен асып түсу екі талай-ау енді!
- Мирас, рахмет сізге! Концерт өте керемет болды!
Бұған дейін Мексикалық БАҚ-тың Димаш Құдайбергеннің концерті жайында жарыса жазуда екенін хабарлағанбыз.