Алматыда "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық сотқа түсірген шағымы қаралып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі 20 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағым түсіргені туралы ақпаратты растады және сот отырысы басталғанын мәлім етті. Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны 2022 жылғы қаңтарда белгілі болған еді. 11 қаңтарда оның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Содан бері Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

2023 жылғы қыркүйекте Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке және басқа да тұлғаларға қатысты сот процесі басталды.

2025 жылы 27 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиевке сот үкімі шықты. Ол сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз