Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жаңадан туған екінші ұлына қандай есім қойғанын жариялады, деп хабарлайды
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына оқырман сауалына жауап берді.
«Қағаров Санат Сәкенұлы», — деп жазды ол.
Актриса «Санат» есімі «үйлесім», «жарасымдылық» деген мағына беретінін атап өтті.
«Оның әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын. Менің айналамда есімінде екі немесе төрт дауысты әрпі бар адамдар көп. Бұл жай сәйкестік деп ойламаймын, өзіңіз қараңызшы: анамның аты – Жанар, ұлым – Назар, күйеуім – Сәкен, енді міне – Санат», — деп жазды Айжұлдыз.