Биылғы жоспар – 70,5 млн тонна.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы отын-энергетикалық кешеннің қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн.тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2%. Осы жылға жоспар – 96,2 млн тонна. 9 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 60,5 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 114,9% құрады. 2025 жылғы жоспар – 70,5 млн тонна", – деді ведомство басшысы.

Есепті кезеңде 51,6 млрд текше метр газ өндірілді. Жыл соңына дейін 62,8 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр.

"Қаңтар-қыркүйек айларында тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 14,3 млрд текше метр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,4% құрады. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі шамамен 2,3 млн тонна болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,1%. Ел аумағы арқылы газ транзитінің көлемі 53 млрд текше метр болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,9%", – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.