Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстанда 11,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілген

Осы жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған.

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1%. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Бұл 2024 жылдың фактісіне 100,7%. Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 477,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 115,8% құрады. Осы жылғы жоспар – 589,7 мың тонна немесе 2024 жылдың фактісіне 109,2%”, – деді Ерлан Ақкенженов.

Есепті кезеңде 89,9 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,5%. Министр осы жылдың жоспары 117,9 млрд кВтсағат екенін жеткізді.

“9 айда жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясын өндіру 6,5 млрд кВтсағат немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 111,9% болды. 2025 жылғы жоспар – 7,2 млрд кВтсағат”, – деді Энергетика министрі.