2025 жылғы 14 қазанда Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр елдегі жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталу сатысында тұр.
"Соңғы аптада бір қазандық пен үш турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Қосымша 10 қосалқы станция мен 100 тарату пункті жөнделді. Сондай-ақ 13 шақырым жылу желісі қайта жаңартылды. Жалпы, бекітілген кестеге сәйкес 6 энергия блогы, 29 қазандық және 16 турбинада жөндеу жүргізілді. Жылу желілерінде 323 шақырымның 293 шақырымы бойынша жұмыстар аяқталды", – деді Роман Скляр.
Вице-премьердің айтуынша, Степногорск пен Аягөз қалаларында жылыту маусымына дайындық толық аяқталған.
"Орал қаласында өткен аптада жұмыстардың қосымша 20%-ы аяқталып, жалпы дайындық деңгейі 85%-ға жетті. Барлық жөндеу жұмыстары 15 қазанға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Аягөздің орталық қазандығында №3 қазандық жөнделіп бітті, №2 қазандықтың дайындығы – 70%, ал №1 қазандық – 20% дайын. Сәтбаев қаласында №2 қазандық жөндеуден өтті, ал №1 қазандық 30 қыркүйекке дейін дайын болады. №3 қазандықтағы жұмыс 82%-ға, ал №4 – 48%-ға орындалды", – деді Скляр.
Бұған дейін пәтер иелері бірлестіктері (ПИБ) мен кондоминиум басқарушылары жылу энергиясын тұтыну жөнінде есеп беруге міндеттелгені хабарланған болатын.