2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 6,3 пайызға жеткен. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин үкімет отырысында мемлекет басшысының экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.
Ол биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6,3 пайызға жеткенін атап өтті. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1 пайыз болса, қызметтер өндірісі 5,3 пайызға өскен.
Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2 пайыз), құрылыс (14,9 пайыз) және тау-кен өнеркәсібі (9,3 пайыз) ең жоғары өсім көрсеткен.
"Сауда 8,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 6,2 пайызға, ауыл шаруашылығы 4,4 пайызға өсті. ЖІӨ өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті", — деді Азамат Амрин.
Министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5 пайызға өсіп, 13,8 трлн теңге болғанын айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз