ҰҚК халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы адвокатты шетелден Астанаға жеткізді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2025 жылдың 11 қазанында ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді.
Ол аса ірі көлемде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген", — делінген хабарламада.
ҰҚК-нің мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз