Әлем қазір Палестинаға жұмыла жүк жөнелтіп жатыр. Бұған дейін де талай көмек барған. Бірақ шекарадан өтпейтін. Түркия да Палестинаға гуманитарлық көмекті белсенді түрде жалғастырып жатыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Трабзонда тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, осы жылдың шілдесінен бері Түркия аймаққа гуманитарлық көмек тиелген 333 жүк көлігін жөнелткен.

Ал 8 қазанда жарияланған уақытша бітімнен кейін көмек жеткізу жұмыстары жеделдетілді. Кейінгі бір аптада төтенше жағдайларды басқару басқармасы жергілікті ұйымдармен бірлесіп, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтылған 100 жүк көлігін жеткізді. Жалпы қақтығыс басталғалы Түркия Газа секторына 16 кеме және 14 әуе көлігімен 100 мың тоннадан астам көмек жөнелткен.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Израиль қақтығысты тоқтату туралы келісіміне адал болып, уәдесінде тұруға тиіс. Біз, Түркия халқы, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнағанын қалаймыз. Сол себепті бауырлас ел ретінде өз тарапымыздан барлық мүмкіндікті жасаймыз. Бейбітшілікті орнату үшін біздің Қарулы күштер жүктелген міндетті толық орындауға дайын. Ал Газа секторындағы қираған инфрақұрылымды қалпына келтіруді тездету қажет. Қыс түспей, бұл мәселені шешу шаралары қабылдануы керек.