Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды", – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Бұған дейін Трамп Израильге сапары алдында әлемдегі тағы бір соғысты тоқтатқанын айтқан еді.
"Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Мен миллиондаған адамның өмірін сақтап қалдым", – деді АҚШ президенті.
Айта кету керек, бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Таяу Шығысқа аттанғанын жазғанбыз.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдаған болатын.