Жарақат алған жігіт ауруханада жатыр.
Анасының айтуынша, жас жігіттің басы жарылып, мұрны сынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"12 қазанның түнінде 35-40 жас шамасындағы бір топ мас еркек ұлымды Толе би көшесіндегі кафенің алдында ұрып кетті. Бір ұрғаннан ессіз жерде жатқан баламды басынан теуіп, ұрып кеткен. 15-20 күдіктінің ішінен 3-ақ адам ұсталды. Оларды жеңіл баппен ұстап отыр. Басты күдікті көлікке мініп қашып кеткен. Мен олардың барлығын ұстап, заң жүзінде жауапкершілікке тартылуын талап етемін", – деді жәбірленушінің анасы.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана зиян келтіру") бойынша іс қозғаған.
"Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Әрқайсының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.