Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы үйге шығарылды .
Түркістан облысы Сауран ауданындағы Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді. 38 жастағы Махру Каримова бес ұлынан кейін үшем босанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі – 2100 гр, үшіншісі 2000 гр салмаққа жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Сафия, Амир және Хадия деген есім қойды”, – деп сүйіншіледі Сауран аудандық емханасы.
Дәрігерлер нәрестелерді тексеріп, емдеп, күтім жасады. Қазір ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Олар емхананың медициналық қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.