Израильге ұшып барған АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы қақтығыстың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BILD-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бұл туралы Дональд Трамп Израиль парламенті Кнессетте сөйлеген сөзінде айтты. АҚШ президенті журналистердің "Газадағы соғыс ресми түрде аяқталды ма?" деген сұрағына "Иә" деп жауап берген.

"Бұл ұлы күн. (...) Бұл мүлде жаңа нәрсенің басы, бұрын-соңды мұндай болмаған деп ойлаймын. Көшелерден мен ерекше махаббатты көрдім. Бүгін сондай ұлы күн", — деді Трамп.

Сонымен қатар тілшілер АҚШ президентінен террористер атысты тоқтату режимін сақтамаса, ХАМАС-тың жағдайы не болатынын сұрады.

"Олар ережені ұстанады", — деп қысқа жауап берді.

АҚШ президенті кепілге алынғандардың босатылуына қатысты пікірін де айтты, оның сөзінше, "олар батылдық танытты".

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп бүгін Израиль астанасы Тель-Авивке ұшып келді, оны елдің жоғары лауазымды тұлғалары қарсы алды. АҚШ көшбасшысы Таяу Шығыстағы атысты тоқтатуға байланысты бірқатар шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Газа секторының солтүстігінде ХАМАС тұтқында ұстап отырған қалған израильдіктер босатыла басталды. Бүгін кепілге алынған 20 адам босатылады деп күтілуде.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз