Суық су беруді тоқтату кестесі жарияланды.
"Алматы Су" компаниясы инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстарына байланысты Наурызбай және Бостандық аудандарында суық су беруді уақытша тоқтататынын хабарлады.
Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 13 қазан сағат 22:00-ден 14 қазан сағат 08:00-ге дейін суық су төмендегі аумақтарда болмайды:
- Наурызбай ауданы – Рахат және Құрамыс шағынаудандары (шығыс бөлігі);
- Бостандық ауданы – Мирас шағынауданы, Presidents Park тұрғын үй кешені, Private Hospital және Алматы Жайлау гольф клубы.
Оқи отырыңыз: Алматының кей бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылады
Ал 14 қазан сағат 22:00-ден 15 қазан сағат 08:00-ге дейін инженерлік желілерді ауыстырудың келесі кезеңінде суық су келесі мекенжайларда уақытша өшіріледі:
- Наурызбай ауданы – Рахат және Құрамыс шағынаудандары (шығыс бөлігі);
- Бостандық ауданы – "Солнечная долина", Miras Park, "Долина Роз", "Таң Нұры" тұрғын үй кешендері және Мирас шағынауданы.
Коммуналдық кәсіпорын тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жоспарлы техникалық жұмыстарға түсіністікпен қарауды өтінді.