Қазақстандық тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан рухтың беріктігі мен басқалардың пікіріне тәуелді болмау жайында шабытқа толы жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жазбаны өзінің Instagram парақшасында 12 қазан күні жариялады. Сонымен қатар, Париж көшелерінде серуендеп жүрген бейнежазбасын да қоса жүктеген.

"Өзегің мықты болса, өзге сөзге тәуелді болмайсың. Себебі, ішкі тірегің мен қуатың өзіңе аян", – деп жазды Динара Сәтжан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)

Желідегі ағайын жұлдызды кәсіпкердің ақылына көркі сай екенін жарыса жазды.

  • Динара, сөзсіз кереметсің!
  • Сұлулығыңмен тәнті етіп едің, енді ақылдылығыңмен тәнті еткізудесің!
  • Сөз жоқ, теңдессіз сөздер.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың шаңырағында дүркірегін той өткенін жазғанбыз.