Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словения, Босния және Герцеговина, Черногория, сондай-ақ Тунис елдеріндегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тиісті құжаттар 2025 жылғы 13 қазанда Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс орын алды:

  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.