"Ақтөбе" биылғы маусымда 72 гол соғып, 12 жыл қатарынан чемпион атанған БИИК командасын басып озды.
Әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының 2025 жылғы маусымында "Ақтөбе" клубы жеңімпаз атанды. Шешуші ойында ақтөбелік футболшы қыздар "Астана" командасын 6:0 есебімен ойсырата ұтып, елдің ең мықты ұжымы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Маусым бойы "Ақтөбе" қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, турнир кестесінде үздік көрсеткіш көрсетіп, толық үстемдік танытты. Команданың бұл жеңісі тұрақты ойын мәнері мен жоғары деңгейдегі шеберліктің заңды нәтижесі болды.
"Ақтөбе" маусымды 74 ұпаймен бірінші орында аяқтады. 26 ойында команда 24 рет жеңіске жетіп, екі матчта тең түсті және бірде-бір рет жеңілген жоқ. Негізгі бәсекелес "БИИК-Шымкент" 71 ұпаймен екінші орынды иеленсе, Томирис-Тұран 61 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. "Астана" 29 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады.
Қазақстан чемпионаты. Әйелдер лигасы
"Ақтөбе" — "Астана" — 6:0 (3:0)
Голдар: Бабшук (9) — 1:0, Нұрмиева (24) — 2:0, Литвиненко (31) — 3:0, Бабшук (36) — 4:0, Литвиненко (45+1) — 5:0, Литвиненко (90+4) — 6:0.