Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словения, Босния және Герцеговина, Черногория, сондай-ақ Тунис елдеріндегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжаттар 2025 жылғы 13 қазанда Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.