Қазақстанның Көлік министрлігі арнайы бланкілердің жоқтығы салдарынан Қытаймен шекарада орын алған ұзын-сонар кезекке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қытай тарапымен аптасына 6 мың дана шетелдік рұқсат бланкісімен екіжақты алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Соңғы сегіз апта бойы әр дүйсенбі сайын Қытай тарапы көрсетілген көлемдегі рұқсат бланкілерін беріп келеді", — делінген ресми хабарламада.

Шетелдік рұқсат бланкілерінің келесі партиясын алмасу 13 қазанда болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз