Газадағы жағдай бойынша келіссөздерге қатысу үшін келген Қатар делегациясының үш мүшесі Мысырда жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ EADaily-ге сілтеме жасап.
Басылымның арабтілді БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға келіссөздер өтіп жатқан Шарм-эш-Шейхте болған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қатар премьер-министрімен бірге келген делегацияның үш мүшесі қаза тапқан. Тағы үшеуі жараланып, Шарм-эш-Шейх халықаралық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
MBC Egypt тілшісі оқиғаның Шарм-эш-Шейхтен 50 шақырым жерде болғанын хабарлады.
Төтенше жағдай әлемде қоғамдық резонанс тудырды, өйткені жол апаты Газадағы жағдай бойынша шиеленіске толы келіссөздер аясында болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз