Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Беларусь әскерлері жауынгерлік әзірліктің ең жоғары деңгейіне келтірілді

Александр Лукашенко Беларусь қарулы күштерін жауынгерлік әзірліктің ең жоғары деңгейіне келтіруді бұйырды, деп хабарлайды Беларусь Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

“Жауынгерлік әзірлікті тексеру аясында Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы – Беларусь президентінің тапсырмасына сәйкес, тексеру мақсатында әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру бойынша бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр”, — делінген елдің Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Хабарламада Қарулы күштердің бірнеше бөлімшесі жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша бірқатар шараны жүзеге асыратыны, белгіленген учаскелерге бет алып, бұйрықта көрсетілген іс-шараларды орындайтыны сөз етілген.

Тексеруді Беларусь Қауіпсіздік Кеңесі Мемлекеттік хатшылығы қадағалайды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз