Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанибек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) мен кубалық Эрисланди Лара (31 жеңіс, 3 жеңіліс, 3 тең нәтиже) арасындағы біріктіру жекпе-жегінің өтетін уақыты мен орны белгілі болды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Белгілі спорт журналисі Дэн Рафаэльдің мәліметінше, жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында, Frost Bank Center аренасында өтеді. Бұл кеш орта салмақтағы WBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулері сарапқа салынатын ерекше оқиға болмақ.
Кештің басты бәсекесінде мексикалық Айзек Крус пен америкалық Ламонт Роуч жұдырықтасып, WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын анықтайды.
Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 7 желтоқсан күні таңертең көрсетіледі.
Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы биыл сәуір айында Астанада өткен соңғы кездесуінде француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз белбеуін сәтті қорғаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз