2025 жылдың 11 қазанында Bitcoin және басқа да танымал криптовалюталар бірталай құнын жоғалтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Бір апта бұрын тарихи рекорд жаңартқан Bitcoin (125 245,57 долларға дейін өсті) тәулігіне 7,59% құнын жоғалтып, қазір 112 353,1 доллардан сатылуда.
- Ethereum тәулігіне 11,91% бағасын жоғалтып, 3 826,8 долларға сатылуда.
- Илон Масктың Dogecoin-ы тәулігіне ең көп (танымал) баға жоғалтқан криптовалюта болып табылады: — 22,98%, 0,193050 долларға сатылды.
- BNB тәулігіне 11,04%-ға арзандап, бағасы 1 130,31 доллар төңірегінде тұрақтады.
- Cardano 18,86% бағасын жоғалтты: 0,6643 доллар.
- Тек Tether StableCoin стейкблойнында кішкене өсім байқалады: +0,07%, 1,0011 доллар.
Батыс БАҚ-тары криптовалюта бағасының бұлайша күрт төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай тауарларына 130% баж салығын енгізу туралы сөздері түрткі болғанын айтуда.