Қазақстандық делегация Мәскеуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қосалқы комиссияның отырысына қатысты.

Делегацияны Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Ресей тарапынан мәдениет министрі Ольга Любимова өкілдік етті. Бұл комитет ұйымдастырған төртінші кездесу. Тараптар театр, кино, кітапхана және музей салаларындағы бірлескен жұмыстардың нәтижесін талқыға алды. Сондай-ақ болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады. Отырыс аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Ресей театр өнері институты өзара әріптестікті дамыту жөніндегі жол картасына қол қойды. Бұған дейін Аида Балаева мен Ольга Любимова екіжақты кездесу өткізген болатын.