Алматыда 2025 жылы 13-31 қазан аралығында "Таза ауа – біздің болашағымыз!" атты шығармашылық байқау өтеді. Іс-шара экология және ауаны қорғау мәселесіне арналған, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұл байқау жас алматылықтардың назарын қоршаған ортаның тазалығы мен Almaty Taza Aua бастамасын қолдаудың маңыздылығына аударуға бағытталған.
Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:
- Сурет салу – 1-6 сынып оқушыларына;
- Эссе жазу – 7-11 сынып оқушыларына.
Жұмыстар электронды түрде (фото немесе скан нұсқасында) [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады. Хатта қатысушының аты-жөні, мектебі және сыныбы міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
Барлық жолданған жұмыс жоба парақшасында, Instagram: @Almaty_Taza_Aua әлеуметтік желісінде жарияланады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Ең үздік жұмыстар басылып, мектеп пен қала аумағында орналастырылады.
Байқау қорытындысы 2025 жылы 3 қарашада шығады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз