"KAZRAIL" компаниясы "Астана – Арқалық" бағыты бойынша қатынайтын №655/656 жолаушылар пойызында Starlink спутниктік интернетін пилоттық режимде іске қосты.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жоба биылғы жылдың соңына дейін сынақтан өтеді. Тестілеу нәтижесіне қарай Starlink қызметі басқа бағыттардағы пойыздарға да енгізілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Теміржол тасымалдаушылары соңғы жылдары жолаушыларды тұрақты интернетпен қамтамасыз ету бағытында кезең-кезеңімен жұмыс істеп келеді.
Бұған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Астана – Алматы" және "Астана – Өскемен" бағыттарында да осындай пилоттық жобаларды іске қосқан болатын.