Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақатынан айығып, команда сапына оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Темірлан Анарбековтың негізгі құраммен жаттығып бастағаны туралы "Қайраттың" Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды. Алматылық клуб "қаһарман қақпашысының" оралған сәтінен видео жариялап, жанкүйерлерін қуантты.
Бейнежазбада Анарбековты командаластары мен бапкерлері жылы қарсы алғанын байқауға болады. Артынан алматылық команданың ойыншылары дәстүр бойынша дәліз құрып, кезек-кезек Темірланның арқасынан ұрды.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков "Қайраттың" УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтуіне зор үлесін қосқан ойыншы. Қақпашы "Селтикпен" шешуші матчта пеналти сериясында үш допты қайтарып, командасына келесі кезеңге жолдама сыйлады.
Алайда Қазақстан премьер-лигасында "Ақтөбемен" ойын кезінде ауыр жарақат алып қалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз