"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 11 қазан, сенбіге арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар республика бойынша атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатынын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен, негізінен, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша тіркелетін ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Сондай-ақ, елдің батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
"Жетісу облысында сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетсе, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында да сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, түнде үсік жүреді деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
- Сонымен қатар, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
- Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде және Қостанай облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.