2025 жылдың алғашқы бес айында мемлекеттік сатып алулар саласында жалпы сомасы 29 млрд теңгеге бағалардың артық көрсетілуі анықталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның ішінде 6,4 млрд теңге бюджетке қайтарылды, қалған сомалар тауарлар мен қызметтердің бағасын төмендету немесе олардың көлемін арттыру арқылы түзетілді.
Бағдарлама 2019 жылы іске қосылғаннан бері агенттік 224,7 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуын болдырмауға қол жеткізді. Тек осы көрсетілген кезеңнің өзінде бұзушылықтардың саны екі есеге жуық артты (былтырғы 22 жағдаймен салыстырғанда биыл 95 жағдай анықталды).