АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы Барак Обаманың Нобель бейбітшілік сыйлығын негізсіз алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың қазіргі президентінің сөзінше, Обама өзі де бұл сыйлықты не үшін алғанын білмейді.

"Ол жай ғана сайлауда жеңіске жетті, оған сыйлықты елімізді құртқанынан басқа ештеңе істемегені үшін берді. Ол нашар президент болды. Ал, ең нашар президент – қалғып отыратын Джо Байден. Дегенмен, Обама да жақсы президент болмады. Ол бұл сыйлықты қашан алды өзі? Сайлаудан кейін неше айдан соң? Ол сыйлықты жеңіске жеткеннен кейін көп ұзамай иеленді. Ал менің сайлауым әлдеқайда маңыздырақ болды", – деді Трамп.

Барак Обамаға Нобель бейбітшілік сыйлығы 2009 жылдың қазан айында берілген. Ал оның 44-ші президент ретінде инаугурациясы сол жылдың қаңтарында өткен.

Trump is still jealous of Obama for being awarded the Nobel Peace Prize:

"He got it for doing nothing. He didn’t even know what he got it for. He got elected and they gave to Obama for doing absolutely nothing but destroying our country. He was not a good president... My… pic.twitter.com/IcLezen1Ax

— Ron Smith (@Ronxyz00) October 9, 2025

Нобель комитеті шешімін былай түсіндірген:

"Халықтар арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық дипломатияны нығайтудағы зор күш-жігері үшін".

Сыйлықты алған кезде Обама да өз кандидатурасының қайшылықты екенін атап өткен. Себебі ол — Ирак пен Ауғанстанда екі соғысқа қатысып жатқан елдің президенті болатын.

2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері 10 қазан күні жарияланады.

Бұған дейін Америкалық әйелдің сотта жасанды интеллект көмегімен жеңіп шыққанын жазғанбыз.