Ол интернеттегі еркіндікті сақтап қалуға уақыт аз қалғанын айтты.

Telegram негізін қалаған Павел Дуров өз туған күнінде Telegram арнасында ерекше жазба қалдырды. Туған күнін мерекелеуді қаламайтынын айтқан ол әлемде интернет еркіндігін шектеп жатқан ірі елдерге сын тақты.

"Еркін ақпарат алмасу алаңы болған интернет енді ең қауіпті бақылау құралына айналып бара жатыр. Еркін елдер қатарындағы дамыған елдер антиутопиялық шараларды енгізуде. Ұлыбритания цифрлық жеке куәлікті, Австралия интернетте жас шектеулерін қолданысқа қосса, Еуропа Одағы жеке хабарламаларды жаппай бақылауға алды. Германияда билікті интернетте сынаған адамдар қудаланып жатыр. Ұлыбританияда адамдар твиттері үшін түрмеге қамалуда. Францияда еркіндік пен құпиялықты қорғайтын IT жетекшілеріне қарсы қылмыстық тергеу жүргізілуде", – деп жазды Павел Дуров.

Оның айтуынша, қазіргі ұрпақ тарихта бостандыққа ие соңғы ұрпақ болып қалуымыз мүмкін. Бұл буынға еркін интернет мұра болып қалса, оны сақтап қалуға уақыт аз қалып отыр.

Біз ұйықтап жатқанда, қараңғы, антиутопиялық әлем жылдам жақындап келеді. Біздің ұрпақ — бостандыққа ие болған соңғы ұрпақ ретінде тарихта қалуы мүмкін. Бірақ сол еркіндіктердің қолдан тайып кетуіне жол беріп жатырмыз.

"Бізге ата-бабамыздан дәстүр, құпиялық, егемендік, еркін нарық және сөз бостандығы қалса, біз бұл аманатқа адал болмай, өзімізді өзіміз жою жолына түстік. Сондықтан, мен бүгін туған күнімді тойламаймын. Менің уақытым аз қалды. Біздің уақытымыз аз қалды", – деп түйіндеді Павел Дуров.


Оқи отырыңыз:

  • Тоқаев Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады
  • Telegram негізін қалаған Павел Дуров Бурабайда ауыл оқушыларымен кездесті