Ер адам көп мөлшерде дәрі ішіп қойғанын айтқан.
Ақтауда жедел жәрдем қызметін әзілдеп шақырған тұрғын айыппұл арқалап тынды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ақ халаттыларды бос әуреге салған азамат енді 118 мың теңге төлейтін болады. Ер адам 103-ке хабарласып, көп мөлшерде дәрі ішіп қойғанын айтқан.
Тіпті, медицина мамандарына денсаулығының нашарлағанын жеткізген. Шақыртуға жедел жеткен фельдшерлер іс жүзінде 29 жастағы тұрғынға ештеңе болмағанын көріпті.
Полиция қызметкерлері дәрігерлердің уақытын алған азаматтың шақыртуы жалған болғанын анықтап, оған әкімшілік хаттама толтырды.