Су спорты түрлерінен Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар елге оралды.
Оларды бүгін Алматы әуежайында туыстары мен жанкүйерлері қарсы алды. Қазақстан құрамасы құрлықтық бәсекеде 21 медаль олжалады.
Су спорты түрлерінен Азия чемпионатыҮндістанның Ахмедабад қаласында өтті. Дүбірлі додада төрт спорт түрінен жүлделер сарапқа салынды. Спортшыларымыз жалпы жүзуден 10 медаль, көркем жүзу бойынша 11 медаль еншілеп, бірінші орын иеленді. Сары құрлық чемпионатына қатысқан 29 елдің ішінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 2 орынға табан тіреді.
Наталья Ткаченко, Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы:
- Үш бағдарлама бойынша командалар тек бірінші орындарды иеленді. Әрине олар барынша тырысты, бірақ біз де өте жақсы дайындалған едік. Біз олар үшін өте қуаныштымыз. Спортшылар біз қойған міндеттерді орындады. Біз бірінші орын алдық, өте қуаныштымыз.
Спортшылардың да қуанышында шек жоқ. Кезекті белесті бағындырғандарына риза. Дайындығымыз да сай болды, дейді олар. Төккен тер текке кетпеді.
Наргиза Болатова, ұлттық құрама мүшесі:
- Су үстінде шоу, көркемдік қойылым көрсеткіміз келді. Театрландырылған бағдарлама дайындадық. Бұл бағдарламамен біз әлем чемпионатына да, Әлем кубогының кезеңдеріне де қатысқанбыз. Бізге сәттілік жолдас болды деп ойлаймын. Қателіктерсіз, өте лайықты және жақсы өнер көрсетті.
Виктор Друзин, ұлттық құрама мүшесі:
- Өнерімізді лайықты түрде көрсеттік. Қазылар келіп, мақтады. Бағдарлама әдемі, өздерің сахнада өте жақсы көрінесіңдер деді.
Су спорты түрлерінен Қазақстан құрамасы Азия өңіріндегі көшбасшы екенін тағы да дәлелдеді. Бұл жоғары шеберлік пен тұрақты дайындықтың нәтижесі.
Гүлжан Көленқызы