Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты 2025 жылдың 9 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын халықаралық әуежайда Тәжікстанның Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысуы жоспарланған.