Сенат депутаттары дамушы елдер ерекше ескерілген ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжатта:
- жұмысшылардың және олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін, сондай-ақ елдің экономикалық даму деңгейін ескеретін ең төменгі жалақыны белгілеу;
- заңдық күші бар және төмендетуге болмайтын ең төменгі жалақы міндетті болуы;
- мемлекеттерге ең төменгі жалақыны қайта қарау тәртібін бекіту, ондай кезде жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында тиісті консультация жүргізу қарастырылған.
Отырыста сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конвенция ең төменгі жалақыны елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен бірге азаматтарымыздың нақты қажеттілігін ескере отырып есептеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз