Атырау қаласындағы ойын алаңдарының қауіпсіздік мәселесі тағы да өзекті болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Almaty.tv мәліметінше, алаңқайда ойнап жүрген 7 жасар қыздың саусағы жұлынып, ауыр жарақат алды. Қыздың ата-анасы жедел жәрдем уақытылы жетпегендіктен, жағдай ушығып кеткенін айтады. Қала тұрғыны Нұргүл Тәкенованың айтуынша, қыздың екі саусағы ауыр жарақат алған, ал бір саусағын аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта оқушымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Атырау қалалық полициясы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс "Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеліп жатыр.
Оқи отырыңыздар:
- Қыз алып қашудың соңы өліммен аяқталды
- Зейнеткер шие ұрлаған балаларға оқ жаудырды
Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін 100-ден аса жаңа ойын және спорт алаңы орнатылмақ. Бұл жұмыстарға 700 миллион теңге бөлінген.