Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Душанбе қаласына сапармен барды.

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Бүгін мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.