УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турынан кейін футболдық клубтардың табысы белгілі болды. Бұл туралы "Спорт Шредингера" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

УЕФА ережесі бойынша әр жеңіс үшін командалар 2.1 млн еуро, тең есеп үшін 700 мың еуро алады. Оған қоса жалпы кезеңге қатысқаны үшін 15.63 млн еуро көлеміндегі бонус беріледі.

"Кайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін екі ірі жеңілістен бастады. Бірінші турда сырт алаңда португалиялық "Спортингке", екінші турда өз алаңында мадридтік "Реалға" есе жіберді. Алматылық команда Чемпиондар лигасында кепілді түрде 20,25 млн еуро таба алады. Сонымен қатар 17 млн еуро клубтың шотына түсті. Бұл турнирдің басталуына бір апта қалғанда УЕФА жіберетін негізгі төлемдер болып табылады.

Екі турдан кейін бірінші орында франциялық ПСЖ тұр. Табыс бойынша үздік ондыққа Еуропаның топ-5 клубтары бар: англиялық "Манчестер Сити" мен "Ливерпуль", германиялық "Бавария", италиялық "Интер" және испаниялық "Реал Мадрид".

Табыс бойынша үздік клубтар тізімі:

1. ПСЖ (Франция) — 67,89 млн еуро

2. Манчестер Сити (Англия) — 65,90 млн еуро

3. Бавария (Германия) — 64,84 млн еуро

4. Реал Мадрид (Испания) — 64,25 млн еуро

5. Ливерпуль (Англия) — 63,23 млн еуро

6. Челси (Англия) — 61,60 млн еуро

7. Арсенал (Англия) — 59,86 млн еуро

8. Боруссия Дортмунд (Германия) — 58,22 млн еуро

9. Барселона (Испания) — 57,03 млн еуро

10. Интер (Италия) — 55,77 млн еуро

11. Байер (Германия) — 54,15 млн еуро

... 36. Кайрат (Казахстан) — 20,25 млн еуро.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз